Әлем
Ауғанстанда валюта айырбастау орындары орналасқан ең ірі базар жұмысын уақытша тоқтатты. Бұған себеп - ұлттық валюта афганидің күрт құнсыздануы.
Хабар24 мәліметінше, тәліптер билікке келмей тұрған кезде, мәселен, тамыздың басында бір доллар 79 афганиге сатылса, қазір ол 109 афганиге саудаланып жатыр. «Талибан» өкілдерінің ел экономикасын қалпына келтіру шараларына қарамастан сарапшылар аухалдың өте күрделі екенін хабарлайды.
БҰҰ мамандарының топшылауынша, наурызға дейін Ауғанстан халқының жартысынан астамы азық-түлік тапшылығын сезуі мүмкін.
Дереккөз: BAQ.kz