Travel

Ықылас Дүкенұлына арналған мемориалды ескерткіш туралы білеміз бе?

Құрылыстың ерекшелігі неде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ықылас Дүкенұлы - қазақ даласын қобыз үнімен тебіренткен күйші. Қорқыттың жалғасы болған композитор 1843 жылы Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Атасынан дарыған өнерге жол ашқан ақ сақалдының аян еткен түсі дейді-мыс. Қазақ елінің қиын қыстау кезінде өмір сүрген қобызшы азаттық аңсаған жандарды қыл қобызымен демеп, рухтандырған. 

1916 жылы Шу өзенінің бойында дүние салған Ықылас Дүкенұлының Сарысу ауданынан батысқа қарай 30 км жердегі Қуарал деген жерде мазары орналасқан. 1993 жылы Ықылас Дүкенұлының 150 жылдығына арналып Саудакент ауылына кіре беріс жолға мемориал орнатты. Бұл мемориал 2010 жылы Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне және 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген. 
Мемориал құймалы темір-бетон мен кірпіштен тұрғызылған, сырты мәрмәр және гранит тақталармен қапталған, үш бөліктен тұратын нысан. Құрылыстың архитекторлары - Э.Байтанаев, А.Еспембетов жəне Г.Сахариева . Мемориалды ескерткіш жоғарыдан қарағанда қобыз пішініне ұқсас. Қобыз құлағы іспетті келген құрылыс төбесінен жел тұрған сайын қобыз үні естіліп тұрады. Қобыз-мемориалдың негізгі бөлмесі - шеңбер іспетті көрхана. Мұнда Ықылас Дүкенұлы жерленген бейіттен бір уыс топырақ әкелініп, мемориал басына құлпытас орнатылды. Сонымен бірге, өңірдегі жеті әулиенің қабірінің топырақтары әкелініп қойылған. Алғашында құмырада орналасқан əулиелердің мазарынан əкелінген топырақтар қолды болғандығы жайлы мəлімет те кездеседі. Көрханадан бөлек, көрханаға кіретін ұзын дəліз жəне қобызшының шығармалары жазылған тақтайшалары бар бөлмелер бар. Күйші мəйіті бұл жерде болмаса да, бұл орынды киелі санап келетіндер мен күйші ғұмырымен, шығармашылығымен танысу мақсатында келетіндер саны жылдан жылға өсуде.