Bugin
ШҚО Үржар ауылындағы Б.Момышұлы атындағы мектептің директоры Зауре Сатыбалдинова мектеп оқушыларын COVID-19-ға қарсы екпені алуға мәжбүр етіп жатқан көрінеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы ztb_kazakhstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- Өз өздеріңе кедергі жасап отырсыңдар. Сонда ауру балалар біздің ғана мектепте ме? Сау бала жоқ менде «получается». 51 мектептен 49 мектеп бітіріп тастады уже. Неден қорқып отырсыңдар сендер? Мен сендерді өлімге апаратын басым екеу емес балалар. Мен де сендердің алдарыңа келетін кезде ойланып келем ғой. Мен 2 университет 1 колледж бітірген адаммын - дейді директор оқушыларға.