Қоғам

Бекболат Тілеухан депутат болудан неге бас тартты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін депутат Бекболат Тілеуханның мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов ақпаратпен бөлісті.

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан өз еркімен қызметтен босату туралы өтініш берген. Депутаттар дауыс беріп, ол қызметінен босады. Экс-депутат Бүкіләлемдік этно-спорт федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.

ORDA.kz мәліметінше, Бекболат Тілеухан депутаттық қызметінен не үшін кеткенін айтты. Айтуынша, басты себеп – денсаулығы.

«Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес», – деді экс-депутат.