Bugin

АҚШ мемлекеттік хатшысы пікірі: КСРО қайта құрыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы оқиғаларды Батыстағылар «Путин ультиматумы» деп атайтын, яғни Ресейдің АҚШ-қа Украина мен посткеңестік кеңістіктен кері шегіну туралы талаптарынан және жаңа басталған Ресей-АҚШ келіссөзінен бөлек қарастыруға болмайды. Бірақ мұндағы байланыс мүлде басқа, деп жазды bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы жағдайды Мәскеу мен Вашингтон арасындағы мәміле үшін туындаған ахуал ретінде қарастыра бастады: Батыс республикадағы толқуларды өз мүддесіне орай пайдаланып, өз сценарийін іске асырғысы келгенімен, Ресей жедел түрде абдырап қалған қазақстандық билікке көмекке келіп, қауіптің бетін қайтарды.

Сонда бұл қай тарап үшін пайдалы болды деген дау туындап отыр: посткеңестік кеңістіктегі өз ықпалын растаған Ресейге ме, Мәскеуді агрессор ретінде сипаттаудың қосымша мүмкіндігіне ие болған АҚШ-қа ма? Сондықтан шындығында ресейлік бітімгерлер Қазақстанда шындығына немен айналысып жатқаны қызықты емес. Англосаксондар бірнеше ай бойы Ресейдің Украинаға басып кіруіне дайындаған еуропалықтар үшін бәрі онсыз да түсінікті секілді.

Қазір АҚШ «орыс әскері көп мемлекеттің ісіне араласып жатыр» деген ұстанымды насихаттап жатқанымен, олар үшін қазақстандық оқиғалардың маңызы басқада: америкалықтар Ресей посткеңестік кеңістікте өз ықпалын күшейтіп жатқанына көз жеткізді. Сондықтан америкалықтар Мәскеумен келіссөзді өздері үшін қолайсыз жағдайда бастағалы отыр.

Орыстардың көздегені не? КСРО-ны қайта құру ма? Жексенбіде CNN арнасында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге осы сұрақ қойылды. Шенеунік бұл оймен келіскенін жеткізді.

«Мен де солай ойлаймын. Бұл президент Путин көздеген мақсаттың бірі. Ол бұрын Кеңес Одағының бір бөлігі болған елдерде өз ықпалын қалпына келтіруді көздейді», - деді Блинкен телеарнаға берген сұхбатында.

Бірақ Блинкен артынша-ақ «КСРО-ның қайта құрылуы тиімсіз» деп атап, «біз бұған жол бермейміз» дегенді аңғартуға тырысты.

Алайда алдыңғы президент Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон Қазақстандағы оқиғаларға қатысты дұрыс әрекет етпесе, керісінше, одақ құрылуына жол береді деп қауіптеніп отыр. Жексенбіде The Wall Street Journal басылымында жарық көрген «Қазақстандағы дағдарыс Кеңес Одағының қайта құрылуын білдіре ме?» деген мақалада Болтон мынаны ескертті:

«НАТО өз ұстанымдарының беріктігі арқылы Путиннің экспанциялық мақсаттарын қол жетпес ете алады. Бірақ «ережеге негізделген халықаралық тәртіп» туралы мәлімдемемені және тараптарды ұстамдылыққа шақырумен шектелсе, онда тарихшылар Қазақстандағы жағдайды Кеңес Одағының қайта құрылуы басталған оқиға ретінде атап көрсетеді».

Болтон КСРО-ның қайта құрылуына жол бермес үшін Путиннің талаптарына, әсіресе НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеу бойынша өз мойнына міндеттеме алуына қатысты талаптарына келіспеуге шақырады. Ол Украинаны тез арада НАТО-ға мүше етуді айтпаса да, бұрынғы кеңестік республикаларға қатысты альянс стратегиясын қайта ойластыру қажеттігін атап көрсетті.

Яғни, оның пікірінше, Мәскеудің шығысқа қарай жылжуды тоқтататын кепілдіктерін кері қайтарып, посткеңестік кеңістікті орыстардан қорғау стратегиясын әзірлеу қажет. Болтон расында да атлантистердің посткеңесік кеңістікті өз ықпалында ұстантынына (кемінде Украинаны, Грузияны және Молдованы) сенеді. Ол үшін Путин қойған талаптарды қарастырмау қажет. Бірақ натошылар Украинаны атлантизациялауды талап ету арқылы Батыс посткеңестік кеңістіктегі интеграцияны күшейтіп жібереміз деп те қауіптеніп отыр. Себебі Мәскеу өз пікірі мен талаптарын елемегеніне көз жеткізгеннен кейін Украина бағытындағы альянсы жоспарын күл-талқан етуге барын салады.

Қалай болғанда да, Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі ықпалы жандана түседі. Мұны батыстағылар «КСРО-ның қайта құрылуы» десе, орыстар «Еуразиялық одақ құрылуы» деп атап отыр. Батыс барынша кедергі келтіруге тырысып, орыстарды агрессор ретінде көрсетуді жалғастыра беруі мүмкін. Бірақ ресейлік геосаяси кеңістіктің қалпына кеуі Путиннің жеке мақсаты немесе Мәскеудің гегемониялық әрекет емес. Бұл – уақыт талабы, ресейлік тарихтың қалыпты барысының қалпына келуі. Ресей ешкімнің ештеңесін тартып алып жатқан жоқ. Бұл интеграция орыстардың ғана емес, басқа мемлекеттердің де мүддесіне сәйкес келетінін Қазақстандағы оқиғалар анық айшықтап берді.

Орталық Азияда Ресей ықпалы әлсіреп, Батыс, Түркия мен Қытай өз жоспарын жүзеге асырып жатқаны туралы көп пікір айтылды. Алайда құрлықтың осы бөлігіндегі елдерде ішкі немесе сыртқы факторға байланысты туындаған дағдарыс кезінде оған тек Ресей тежеу болатынын уақыт көрсетіп жатыр.

Себебі Ресейде тиімді мемлекеттік құрылыс бар, Ресей іргелес жатқан елдермен өзінің тағдарлас екенін және олар үшін жауапты екенін анық мойындайды. Өйткені сол елдердегі тыныштық – Ресей қауіпсіздігінің кепілі.