Қоғам

Нұр-Сұлтанның бұрынғы атауын қайтару үшін қол жинау басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазнетте елорданың бұрынғы атауын қайтару үшін қол жинау басталды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Өтініш мәтінінде былай делінген:

«2019 жылы Наурыз айында қазақстан республикалары Президентінің жарлығымен еліміздің бас қаласы Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан қаласы деп болып өзгертілді. Бұл шешем әлеуметтік желiлерде және қарапайым халықтың өмiрiнде терiс қабылданды, қазiрге дейiн күнделiктi өмiрде тек бұрынғы атау қолданылады. Қоғамдағы пікіріге сейкес, Қазақстан Республикасының Президентi, елiмiздiң Үкiметi және Парламентi республикамыздың бас қаласының бұрынғы атаумен - Астана қаласы деп қайтаруды сұраймыз»

Сондай-ақ, петиция авторлары жергілікті биліктен «барлық қалалардағы Назарбаев атындағы көшелерге мемлекеттігімізді, бірлігіміз бен еліміздің тәуелсіздігін айғақтайтын бейтарап атауларды беруді» сұрады.

Оған қазірдің өзінде 8 мыңнан астам қазақстандық қол қойған.

Өтінішпен Еgov.press сайтынан танысуға болады.