Bugin
Halyk Bank өз қаражатынан 3 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Bugin.kz порталы ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы шағын және микро бизнес секторындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмекке, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіруге және дереу шешуді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады.
Бұған дейін Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова Atameken Business-ке берген сұхбатында банктің қоғамға террористік шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің жойқын салдарын жеңуге көмектесуге дайынды туралы айтқан болатын.