Bugin

Қазан билігі Назарбаев көшесінің атауын өзгертпейтінін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазан қаласының атқару комитеті Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің атауын өзгерту мүмкіндігін қарастырмайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы kommersant.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Ұсынылып отырған атауды өзгерту жеке және заңды тұлғалардың құқық белгілейтін және басқа да құжаттарын қайта рәсімдеу қажеттілігіне әкеледі. Бұл осы көшеде орналасқан меншік иелеріне қосымша уақыт пен қаржылық шығындарға әкеп соғады», - деп хабарлайды «Коммерсант-Казань» баспасөз қызметі. 

Әкімдік бұл мәселені қарау үшін топонимика жөніндегі комиссия отырысын өткізуді жоспарлап отырған жоқ деп қосты олар.

Еске салайық, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше (елді 2019 жылдың наурызына дейін басқарған) Қазанда 2015 жылы пайда болған, оған дейін ол эсперанто деп аталған.

Содан кейін атауды өзгертуге жергілікті тұрғындар мен қала белсенділері қарсы болды. Қаңтар айында Қазақстандағы наразылық акциялары аясында Ресей коммунистері Қазан мэрі Ильсур Метшиннен көше атын өзгерту мәселесін қоғамдық талқылауға шығаруды сұраған болатын.