Білім және ғылым
Гүлмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында еліміздің үш қаласында мектеп оқушылары сабақты онлайн форматта оқитынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Бүгін мектепте үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Біздің министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды. Дегенмен эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты еліміздің 3 қаласында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқушылар қашықтан, янғи онлайн форматта оқитын болады. Қазіргі уақытта мектептерді техникалық тұрғыдан қамту жұмысы аяқталып жатыр», - деді Гүлмира Каримова.