Қоғам

Назарбаеваның құда баласы қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дариға Назарбаеваның құдасының ұлы қызметінен кетті.

ҚТЖ – жүк тасымалы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әлжан Имашев қызметінен кетті, - деп хабарлады @Orda_kz тілшісіне ҚТЖ дереккөзі.

ҚТЖ баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың туысының жұмыстан босатылуына қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Әлжан Имашевтың әпкесі Аида экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің әйелі. Ал олардың әкесі Берік Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын басқарады.