Қоғам
Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу басталғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«БКО тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушыға қатысты хабарламаларды орындамау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бас прокуратура Агенттік қызметкерлерін тарта отырып, нарықтың 102 субъектісіне, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қатысты тексерулерді бастады. Агенттік жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша «Яндекс.Такси» агрегаторына қатысты қосымша тергеу тағайындады», – деді басшы.