Қоғам

Сұйытылған газ бағасының көтерілу себебі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкіметте сұйытылған газ бағасының көтерілу себебі аталды.

«Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша бағаның көтерілуіне электронды сауда алаңындағы баға белгілеу механизмінің жетілдірілмегендігі басты себеп болғанын көрсетті», - деді жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Монополияға қарсы агенттік Бас прокуратурамен бірлесе отырып, сұйытылған мұнай газын көтерме сатумен айналысатын 6 дистрибьюторға («Қазмұнайгаз» АҚ, «Петросун» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГПЗ» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Биыл сұйытылған мұнай газын сату тауар биржаларына беріліп, тұрақты бақылауда болады. Сонымен бірге, хабарламаны орындамағаны үшін сауда алаңының ұйымдастырушысы «ETS» тауар биржасы» АҚ-на қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.