Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин хабарлады.
- «Күдікті ретінде 780 адам ұсталды. 695 адамды сот қамаққа алды. Бұл істер ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Олардың барлығы бойынша прокурорлар азаматтардың құқығының сақталуын қамтамасыз етіп жатыр», - деді Серғазин.
Осылайша 44 іс терроризм актілері бойынша, 15 іс кісі өлтіру бойынша, 6 іс насихаттау фактілері және билікті басып алуға шақыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- «Қылмыстық істердің барлық айыптаушысына, оның ішінде ұсталғандарға уақытылы заң көмегі көрсетіліп жатыр», - деді Азамат Серғазин.
Сондай-ақ Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа берілмей, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге, құқықтық тәртіпті сақтауға шақырды.