Бәленің басы қайда?  - на bugin.kz
Arlan - на bugin.kz Arlan

Балық басынан шіриді

"Балық-басынан шірейді"-дейді,дана xалық. Бұл мақал бүгінде де көп қолданысқа ие. Алайда, осы мақалдағы балықты шенеунік не депутатқа балағанымыз қаншалықты дұрыс? 

Мысалы көлікпен келе жатып, МАИ қызметкері тоқтатса "Аға,келісейік те"- деп, аз-маз көлемдегі соманы (параны) беріп, жөнімізге кете береміз. Кейін "МАИ қызметкерлерінің барлығы пара алады"- деп,кейиміз.Сонда, кімдікі жөн? Пара бергендікі ме, алғандыкі ме? Бұндай мысалдар көл-көсір. Баланың туылунан бастап, қайтуына дейінгі жолдың барлығы дерлік біреуден алып,біреуге берумен өтеді. Туылса не ауырса дәрігерге кіріптар болып,кезексіз кіру үшін таныс іздейміз.Табылса маңғазданып,кезекте тұрғандардың көзін бақырайтып қойып қабылдауына кіріп,қаралып қайтамыз.Табылмаса пара беруге тырысамыз,сөйтіп жоғарыдағыны жасаймыз. Оған көнбеген жағдайда сол кезектегілердің қатарын толықтырып манағындайларды балағаттап бітеміз. Баланы балабақша не мектепке оқуға тіркеу тіптен тұнып тұрған параxана.Оқып жүрген мектебіндегі мұғалімдердің көңілін аулауға тағы шашыларсыз. Сөйтіп жоғарғы оқу орнына құжат тапсырамыз,білімі жетсе грант аламыз,жетпесе де алатындар бар. Тағысын-тағылары. Осының бәрінде параны өзіміз ұсынып,өзіміз үкіметке өкпелейміз. Беруші болмаса-алушы қайдан келсін? Балықтың басы сол жол ережесін бұзған не дәрігердің қабылдауына жызылған,мектепке тіркеген,грант алған жерде. Өз бойымыздағын байқамай,біреудің қолындағысына мін айту-надандық. Таза елде өмір сүргіміз келсе-өзімізден бастағанымыз абзал.

0 Пікір Кіру