Bugin
Тараздық полицей жаппай тәртіпсіздік кезінде әріптесінің қалай қайтыс болғанын айтып берді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жамбыл облысында лаңкестік қауіптіліктің сыни «қызыл» деңгейі әлі де күшінде. Бірақ аймақ бейбіт өмірге қайта оралуда. Тәртіп сақшылары «Қаңтар оқиғасы» күндерінде қаза тапқан жолдастарын мәңгі есте сақтайды. Таразда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен полицей басынан өткерген қайғылы оқиға туралы айтып берді. Белгісіз біреулердің қарулы шабуылы салдарынан әріптесі, полиция капитаны Рахат Сланбеков қаза тапқан.
- Нұрсұлтан арқама оқ тиді деп айтты. Арқам ауырып жатыр деді. Артыма қарасам ес-түссіз жатыр екен. Бірінші медициналық көмек ретінде Жамбыл облыстық ауруханаға апардық. Сол жерде көз жұмғаны белгілі болды. Өте сыйлы, айтқан сөзінен қайтпайтын еді. - деді Тараз қаласы ПБ 1-ПБ аға инспекторы Олжас Төлегенов.