Қоғам

Тоқаев: «Сыртқы көмекке жүгінуге мәжбүр болдық»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасы кезінде қарулы күштердің өз қызметтерін дұрыс атқара алмағанын айтты.

«Әскер тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүддесін қорғауға тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде қарулы күштер өздерінің аса сенімсіздігінен, бастамашыл басшылықтың жоқтығынан өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара алмады. Министр Бектанов қолбасшылық қасиет көрсетпеді. Қолымызда командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар барысында жақсы нәтиже көрсеткен әскер болғанымен, қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмай, сыртқы көмекке жүгінуге мәжбүр болдық» - деді Тоқаев.