Hi-Tech
ХХІ ғасыр- техниканың озық дамыған ғасыры. Бүгінде телефонсыз өмірді көзге елестетудің өзі қиынға айналып бара жатыр. Телефон қазіргі уақытта тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар, жаңалықтарды жеткізетін ақпарат көзіне айналуда. Қазіргі таңда еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін телефонның, ішінде керегіңнің бәрі бар смартфондар мен планшеттердің құлағында ойнайды. Бұл смартфондар адамның күнделікті пайдаланатын қажеттілігіне айналған. Десе де, бүгінде смарт сағаттар үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Смарт сағаттар заманауи адамға қоңырауларға жауап беру, хабарламаны оқу, электронды поштаны ашу, жаңалықтардан хабардар болу, әлеуметтік желілерге келген хабарламаларды оқу, музыка тыңдау, ауа-райын біліп отыру, ғаламторға қосылу мүмкіндіктерін ұсынады. Кейбір ақылды сағаттар смартфонға қосымша ретінде ғана жүреді және тек смартфонға қосылғанда ғана жұмыс істейді. Бүгінде «Ақылды сағат» ретінде танымал смарт сағаттар туралы армандар 3-4 ғасыр бұрын-ақ айтыла бастаған. Жиырмасыншы мыңжылдықта қол және қалта сағаттарды бақуатты адамдардың негізгі «төлқұжаты» болса, аз уақыттан кейін нағыз жігіттердің аксесуарларына айналып шыға келді. Сағат сәттіліктің нышаны ғана болып қоймай, қожайынның талғамынан хабар беретін. Мұндай сағаттар әкеден балаға мұраға да қалып жатты. Ал біздің әңгімемізге арқау болған «ақылды сағаттар» адамның заманауилығын, техникадан қаншалықты хабардар екендігін білдіреді. Олардың тарихы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алады. Ең алғаш болып, «Hamilton» компаниясы Pulsar аталатын сағатты шығарды. 1978 жылы бренд жапониялық сағат кәсібінің жәдігеріне айналып, оны «Seiko» компаниясы сатып алады. Сонан бері бұлардың жүздеген түрі жасалып үлгерді.
Ақылды сағатттың ең ірі өндірушісі Apple болды. Мамандардың бағалауы бойынша, өткен тоқсанда компания 4,5 млн Apple Watch жасап, көрсеткішті бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңнен 25%-ға жақсартқан.
Екінші орынға Fitbit орналасты. Бір тоқсанда өндіруші 1,5 млн смарт сағат тиеп, нарық үлесін 15%-ға дейін ұлғайтты. Компанияның нарықтық үлесі әлі де өседі деген болжам бар, өйткені оның өнімі АҚШ-та танымал.
1,1 млн смарт сағат жөнелткен Samsung-ке нарықтың 11%-ы тиесілі. Бір жыл бұрын жеткізу және нарықтық үлес 600 мыңға(10%) тең болды.
Осылайша, қазіргі уақытта ақылды сағат жаһандық нарығының үштен екі бөлігі үш жетекші өндірушіге тиесілі. Қалған өндірушілер саланың шамамен 29 %-ын құрайды. Мамандардың айтуынша, тұтынушылар смартфондарын қол аксессуарларымен толықтыруға ұмтылатындықтан, гаджеттердің танымалдығы өсіп келе жатыр. Кезінде ұялы телефондар қол сағаттарды ығыстырып жіберді. Себебі, адамдарға уақытты сағатқа қарап емес, смартфонға қарап білу тиімді болды. Алайда, ақылды сағаттардың даму сатысына көз жүгіртсек, олар өз көшбасшылығын қайтарып алуы әбден мүмкін.