Қоғам

Алматыда екі метро станциясы іске қосылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 2022 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін екі метро станциясы – «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» іске қосылады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станцияларын іске қосамыз. Қалқаман станциясының құрылысы жалғасады»,- деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

ҚазАқпарат мәліметінше, қазіргі кезде жаңа станциялар 96% дайын.

Жол Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Ясауи көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан.

«Сарыарқа» станциясы Family саябағының ауданында, ал «Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылының төменгі жағында, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61