Қоғам

Тоқаев Twitter-де мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында Қазақстан өзінің саяси жаңғыруға негізделген бағытын ешқашан өзгертпейтінін жазды.

«Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз» - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Тоқаев хаос кезінде тұрақтылықты сақтау мүмкін емес екенін айттым.

«Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі» - деді Тоқаев.