Редактор бағаны

Баға қайда барасың?

Теңгенің құнсыздануы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Теңгенің құнсыздануынан тауар қымбаттады. Иә, бірі бағаны мәжбүрлі түрде өсіруге тура келді десе, енді бірі сырттан келген өнімнің долларға бағынышты екенін алға тартады. Неге біз өнімді шет елдерден аламыз? Өйткені, халықтың көпшілігі сырттан келген тауарды тұтынуға мәжбүр. Олай деуге негіз де жоқ емес. Отандық өнімнің бағасы аспандап тұр. Елімізден сан мың түрлі шикізат көзі шығады. Дайын өнім шығара алмағаннан кейін, өз өнімімізді шет елдерден екі есе қымбат бағаға сатып аламыз. 

Қазақ елінде қай ауылға, қай қалаға барсаңыз да «мен мұндалап» алдыңыздан қымбатшылық шығады. Ұлт тәрбиелейтін ұлағатты ұстаздар мен дәрігерлердің айлығы мардымсыз. Жанармай аспандап тұр, жалақы көбеймесе де төлемақы ай сайын өседі. Қымбатшылық етек алғанда жұмыскерлердің жалақысын, зейнеткерлердің зейнетақысын көтеру қажет деген мәселе туындайды. Үкімет теледидардан зейнеткерлерге 600 теңге қосамыз десе, азық-түлік автоматты түрде қымбаттайды. Оны қадағалап жатқан бір қазақ жоқ. Бүгінде халықты қара басының қамынан басқа ештеңе ойландырмайты секілді.

Не десек те, нарықтық экономикасы қарыштап дамып келе жатқан мына заманда барлық салмақ қалтаға келіп түсетіні анық. Ақша қолдың кірі десек те,қалтаңда теңгең болмаса тұрмысыңның түзелмейтіні де ақиқат. Басшылық бағаны бағамдау үшін жұмыла күресетіндігін айтса да, көпшіліктің күдігі басым.