Әлем

Корея ядролық сынақтарды қайта бастауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея ядролық сынақтарға жарияланған мораторийден бас тартып, іске қайта кіріспек. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Хабар24 мәліметінше, Пхеньян АҚШ-тың әрекеттеріне ерегісіп, осындай қадамға баратынын ескертті.

Мәселе елдегі Еңбек партиясының саяси кеңесінде талқыланып, «Америка саясаты қауіпті межеге жетіп, елге қауіп төндіре бастаған» деген ұйғарымға келген.

Айта кетейік, Солтүстік Корея 2018 жылы ядролық сынақтарды өткізуді тоқтатқан болатын. Бірақ 2019 жылы АҚШ-ың бұрынғы президенті Дональд Трамппен келіссөз нәтижесіз аяқталған соң оны жалғастыратынын айтып сес көрсеткен еді.