Bugin

Жаңаөзендік жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 қаңтарда Жаңаөзендегі КезБИ ұжымының жұмысшылары президент Тоқаевтың атына үндеу жолдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар конституциялық құқығы негізінде бейбіт наразылыққа қатысқан қарапайым халықты күштік құрылымдардың қудалауын тоқтатуды талап етті. 

Тоқаев жуырда жасаған жолдауындағы «тәртіп бұзбай, бейбіт шыққан азаматтарға рақымшылықпен қарау туралы тапсырмасын асыра пайдаланған құқық қорғау органдарының репрессиясына тыюды» сұрайды. 

Бейбіт шешушілерге «қарсы қылмыстық жала жауып, қысым жасап жатқан күштік құрылымдардың заңсыз әрекетін» сынаған наразылар Конституция гаранты ретінде Тоқаевтан араша түсуін талап етеді. 

«Халық террорист емес!» деп ұрандаған жаңаөзендіктер «ертеңгі күні қудалау тоқтамаған жағдайда, ҚР заңнамаларына сүйене отырып бейбіт шеруге шығатынын қаперіне салатынын» ескертті.