Bugin

Елордалық балабақшаның бірінде бүлдіршінді соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде балабақшада соққыға жығылған екі жасар баланың суреттері тарауда. 12 қаңтар күні анасы баласын балабақшадан әкеліп, үйінде киімін шешіндіріп жатқанда, оның көгерген жерлерін байқаған. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Әйел полицияға арыз жазған. Бұл оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

- «Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан ДП.

Іс Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.