Спорт

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы көпшілік күтіп жүрген чемпиондық жекпе-жектің қашан болатыны туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы боксшының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Армысыздар ардақты жанкүйерлер. Бүгін шешілуі керек болған чемпиондық жекпе-жек уақыты тағы да бір аптаға кейінге қалды. WBO ресми мәлімдеме жасап, ковидқа байланысты келісімді 28 қаңтарға қалдыруға туралы келді деп отыр. Әлемде жағдай қиын болуда. Ауырғандар саны көп. Сондықтан да бұл шешімге түсіністікпен қараймыз! Әрине созылып кетті. Бірақ басқа амал жоқ. Тағы бір апта күтеміз. Чемпионмен жекпе-жекті асыға күтіп жүрміз. Бұйыртса биыл Qazaq STYLE тарих жасайды», - деді ол.