Қоғам
Экология вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды.
Ulysmedia.kz мәліметінше, бұл шешімді Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты шығарды. Отырыс 27 қаңтар күні кешкісін өтті.
Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» басшысы Медет Құмарғалиев ұсталған болатын.
Олар сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.