Hi-Tech

Дрондар - жаңа заман жетістігі

Дрондар жайлы не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бастапқыда өзгінен ұшатын аппараттар –дрондар коммерциялық емес, әскери мақсатпен жасалған. Олар әскери операцияларда қолданылуы тиіс болған. Қазір жоспар табысты орындалды: кейбір аппараттар жау тылында көзге түспей барлау жасайды, қарсыластың нысандарына дәл тиетін соққы береді. Айталық, әскер взводы қоршауға түсіп қалып, оқ-дәрі таусылар болып, көмек әзір келетіндей болмаса, дрон ешкімнің көзіне түспей қажет жерге оқ-дәрі жеткізіп бере алады.

Жапония және АҚШ фермерлері ұшатын аппараттарды алқаптардың үстінен пестицидтер мен тыңайтқыштар себу үшін қолданып жүр. Ол қол еңбегіне қарағанда арзанырақ түседі, ал тиімділігі бірнеше есе артық. Бәлкім, жақын арада фермерлер өздерінің орнына бар жұмысты машиналар істеп жатқанына қарап қана отыратын шығар. Ал Делфт университеті студенттерінің бірі салмағы бар-жоғы 4 кг, сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ұша алатын ғажайып машина құрастырып шығарыпты. Оның басты мақсаты – көшедегі кептелістер салдарынын медициналық көмек уақытында жетпегені себепті кісі өлімі көп болатын ірі қалалардағы жүрек тамасы ұстаған адамдардың өмірін құтқару. Ал «дрон» санаулы секундтар ішінде қажет жерге пайдалану жөніндегі нұсқаулық қыстырылған дефибриллятор алып ұшып келе алады. Қиналған адам, не оның жақындары құрылғының операторына хабарласып, шақыру қалдырады, сөйтіп, оның мекен жайына құтқарушы дрон жіберіледі. Сонымен, өздігімен ұшатын аппараттар тек жұртшылықтың көңілін көтеру үшін ғана емес, адамдарға көмек көрсету үшін де керек екен. Технологиялар дамуы геометриялық прогрессиямен өсіп келеді, соның арқасында «дрондардың» жаңа үлгілері жасалуда.

Дрондардың Қазақстанға келгеніне өте көп уақыт болмаса да, елдегі біраз салада жұмыс күшін өз  мойындарына алып үлгерді. Қазақстандықтар дрондарды пайдалудың жаңа  түрлерін қолдана бастады.  2017 жылдан бері Қарағанды облысың шалғай аудандарына Қазпошта сәлемдемелері мен республикалық басылымдарды дрондардың көмегімен жеткізілетін болды. Бұл дрондар газет-журналдармен бірге салмағы 2 келі сәлемдемені тез арада жеткізе алады. Мысалы, көлікпен 4 сағат жүретін жерге, олар небәрі 40 минутта бара алады. Бұл пошташылардың да уақытын үнемдеуге септігін тигізеді.  

Жалпы дрондар Қазақстанда бұған дейін де қолданылған. Соңғы 7 жылда картография және геодезия саласында пайдаланылған. Ғылымның бұл жетістігін келешекте Қазақстан медицина саласында іске қосуды жоспарлап отыр.