Bugin

Ағартушылықтан басталған қозғалыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы уақытқа дейіп тарих және басқа қоғамдық ғылым салаларында қазақ оқығандарының советтік кезеңдегі қызметіне баға беруде негізге алған өлшем – олардың большевиктер идеологиясын қабылдауы немесе қабылдай алмауы болып келді. Ал олардың ағартушылық идеологиясына иек артуы, қоғамдық даму мен өзгерістерге осы көзқарас тұрғысыпап қарауы сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының жалпы даму деңгейінен, ішкі талап-тілегінен туыпдаған толык негізді құбылыс екендігі есепке алынбады. Бұл партиялык ұстапымдағы тарихшылар үшін Қазақстан ғасырлар бойы қалыптаскан өзіндік срекшеліктері бар коғам смсс, бар болғаны империяның артта қалған болар-болмас өзгешелігі бар шет аймағы ғана еді.

Қазақ оқығандарының дербес саяси күш ретінде белсенді қоғамдық күреске араласуы 1905 жылдан басталады. Қоғамдық дамуда алдыңғы елдермен салыстырғанда қазақ қоғамының кешеуілдеп калуы, сондай-ақ отарлық тәуелділікке түсуінің себеп-салдарын анықтау, төніп келе жатқан қауіп жағдайында бұл күйден шығудың жолын іздеу, қазақ оқығандарының алдында тұрған негізгі мәселеге айпалды. Осы және басқа сауалдарға жауап заман сұранысына лайық шаруашылық құру, күні өткен өмір салтын қайта қарап, жаңа талаптарға бейімдеу екендігін олар жақсы түсінді.

Осы тұжырымға тоқтаған ұлт оқығандары қоғамдық кызметін ағартушылықтан бастады. Яғни, қазақ елі сан жағынан империя құрамындағы үлкен елдердің қатарында емес, сонымен бірге аз және әлсіз елдердің де санатына жатпайтын. Оның халық ретінде жүріп өткен жолы, ерлік тарихы, ең негізгісі ғасырлар бойы қанды күрес арқылы қалыптасқан атамекен жері бар. Ендігі уақытта арасына білім ұрығып себу арқылы оны өз тағдырын шеше алатын белсенді субъектіге айналдыру басты міндетке айналуға тиіс. Олар нағыз білім, осы жолдағы мақсатты ағартушылық қызмет және тәрбие халықты өзгертетіндігіне сенімді болды. Міне, сондықтап да ұлт оқығандары қазақ жерінде заман сұранысына жауап бере алатындай жаңа сапа, мазмұндағы білім жүйесін калыптастыру ісін барлык бағдарламалық кұжаттарына енгізді, бұл межені жақындата түсу үшін қазақ тілін білім және ғылым тіліне айналдыру, осы мақсатта оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау, ұлтқа арнап кітап, газет- журналдар шығару ісін қолға алды. Қорыта айтқанда, ағартушылық ісі ұлт оқығандарының жұмылып атқаратын негізгі ортақ жобасына айналды.

Қазақ оқығандарының, көпсалалы ағартушылық қызметіндегі мынадай екі бағытты бөліп атаған артық емес. Олардың әсіресе «Қазақ» газеті арқылы кең өріс алған қызметі қазақ қоғамын орыс билігінің, әсіресе астарлы да қитұрқы жер саясатына және басқа түрлі зорлықшыл әрекеттеріне қарсылық көрсете білуге баулу бағытында жүрді, Бұл ісін олар биліктің кабылдаған түрлі заңдық актілерін халыққа мұқият түсіндіріп жеткізу арқылы жүргізді. Осы бағытпен тікелей өзекте және байланысты келесі қызметі, қазақ қоғамының мүмкін болғанша тезірек арылуға тиіс оның теріс мінездері мен кылықтарын, ұғым-түсініктерін аяусыз сынға алу болды. Алаштық топ, мәселен, сол тарихи кезеңде-ақ қазақ жерінің кең және бай екендігін, бұл артыкшылықтың егер орынды пайдалана білген жағдайда елдің болашағына жағымды әсері болатындығын жақсы білді. Сонымен бірге олар болашақта әрбір ұлттың байлығыпың жерінің кеңдігі және жер асты ресурстарының молдығымен өлшенбейтіндігін, ертең-ақ білім мен озық технологияға ие жұрттың ілгері шығатындығын анық болжай білді. «Бұрынғы кеңшілікте казақ қошқарға сиынып та күнелтті, өтірікші, өсскші, құдай қарғағанды да болыс, би, ауылнай һәм елубасы қойды. О заман енді өтті, жаңа заман адамнан ақыл, ұсталық, жаһидшілдік күтеді. Қазақ жері тарылды, қазынаны күшті жалдап іздемегенге бәйге мүше жоқ», - деп жазды Ә. Бөкейханов. Халықтың бойындағы күрескерлік қабілетін оятуда ол ескі заман мен жаңа заманның өзара айырмашылығын түсіндіруге көп күш жұмсайды, «…Біздің адасқан надан жұртқа мұрындық болып, көз болып, бостандық, теңдік, туысқандық жолын ұғындыру зор борыш… Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық үшін саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп тарқы жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!»,  - деп жазды.

М. Дулатұлы, мәселен, 1913 жылы «Қазақта» жариялаған мақаласында: «Заман талас-тартысқа айналды. Қара күніне қайғырмай қамсыз жатқан қазақ болмаса, ұшқан құс, жүгірген аңның бәрі де тіршілік жабдығында. Жағаласпай, жармаспай ешкім қатардан орын бермейді. Басқалармен тізелесуге, тартысуға, жарысуға оқу-білім керек. Надан жрт оқымысты-білімді жұртпен қатар тіршілік ете алмайды. … Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт оқуда. Теңдікке жетеск те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман», - деп жазды.

Алаштық қазақ ағартушылары, әрине халықты білім алуға үндегені рас, дегенмен олар осы міндетті ғана атқарумен шектелген жоқ. Олардың түсінігінде қазақ жастары алған жаңа сападағы білім қазақ халқының өмірін заман сұранысына лайық мазмұн және бағытта өзгертуге тиіс еді. «Бүгінгі адамзат қоғамында – деп жазды А. Байтұрсынұлы, - өміршең мәдениет салтанат құрмақ, ал мәдениеттер теңдігін қуатты мәдениет арқылы ғана орнатуға болады, олай болмаған күнде жоғары сатыдағы мәдениеттер төменгі деңгейдегі мәдениеттерді қанамақ». Басқаша айтканда, жаңа сападағы білім қазақ қоғамын феодалдық мешеуліктен және отарлық тәуелдіктен құтқара алатын бірден-бір құралға айналуға тиіс еді.

Ғасыр басындағы қазақ ағартушылығының тәжі – А. Байтұрсынұлының шығармашылығы арқылы өмірге келген қазақ алфавиті, қазақ тілінің грамматикасы меп теориясы еді, сол арқылы оның әдебиет және ғылым тіліне айналуы болды.

Қазақ ағартушылығының толыққанды қоғамдық құбылыс ретінде көрінуі XX ғасырдың алғашқы ширегіне, яғни Алаш зиялыларының қызметіне тұспа-тұс келді. Жалпыұлттық «Айқап» журналының (1911 - 1915), «Қазақ» газетінің (1913 - 1918), екі миллионға жуық тиражбен басылған (революциялық өзгерістерге дейін) қазақ кітаптарының жарық көруі және басқа атқарылған істер осы тұжырымға айғақ.

Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, мәселен, еуропалық ағартушылық ешқандай да сыртқы араласусыз барлық калыптасу және даму сатыларынан емін-еркін жүріп өтті. Ал оның өкілдері ешқандай да репрессия құрбаны болған емес. Ал қазақ ағартушылары барлық белгілерімен толыққанды тұтас қоғамдық процесс ретінде ХХ ғасырдың басында қарқынды өріс алғанымен, ұзаққа созылған жоқ. Бар болғаны 20 жылға жетер-жетпес мерзімге созылды. Ал оны бастап, бағыт-бағдарын анықтаған тұлғалар түгелдей дерлік репрессия құрбаны болды. Ал мұндай трагедияны еуропалық бірде-бір ұлт басынан кешірген жоқ.

Ә.Бөкейханов 1933 жылы 29 сәуірде абақтыдағы А. Байтұрсынұлының ауыр жағдайына араша түсіп, Е.П.Пешковаға «Он просветитель казахского народа, Байтурсынов, Кирилл и Мефодий, Новиков и Радищев своего народа, оп создал азбуку, которая по мнению професссора Малова лучшая из азбук… A.Байтурсынов автор грамматики, синтаксиса, букваря, хрестоматий на казахском языке. Он Наркомпросс Казахской АССР… первоклассный поэт. Сатирик… Оп патриот, пационалист… бесстрашный пророк своих убеждении… ».

Ә. Бөкейхановтың Ахмет Байтұрсынұлының қызметіне байланысты берген бұл бағасы, белгілі дәрежеде ұлт-азаттық күрес жолында тұрған оның бір рухтағы іні-замандастарына да тән еді. Олардың өмірлік ұстанымындағы, қызметіндегі, шығармашылығындағы, тіптен тағдырларындағы ұқсастық осы тұжырымға еріксіз жетелейді.

Алаш қозғалысы бастапқы кезеңде ұлт оқығандарының, яғни интеллектуалдар қозғалысы ретінде өмірге келді. Ал олардың қызметіндегі үйлесімділік және сол арқылы заман сұранысына байланысты берілген жауап бұл азаттық идеологиясын қалыптастыру қызметі еді.

 

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, алаштануы