Bugin
Қаз бен үйректің панасы - көл, Жетім мен жесірдің панасы - ел
Неге?
Себебі «Жетімдер үйі» дейтін мейірімге зәру суық үй салынды. Денені суытса да, жүректі жылытпай-ақ қойған бұл сөз, безбүйрек аналардың күнәсі ма, кінәсі ма?! Әр бала бақытқа лайық! Бұл табиғат ананың талабы. Талап тапталып жатыр. Балалықтың бал дәмін емес, кез келген адамнан мейірім жылуын күте жәудіреп, қиналдырған балалықтың ащы у дәмін сезініп жүрген жетімдер үйінің жеткіншегіне мейіріммен қарамасқа амал болмай тұрғаны...
Қайсар қазағымыз жесірін жатқа бермеген. «Әмеңгерлік» ұғымы да осыған саяса керек. Бұл тек жарынан айырылған ананың пайдасына емес, сонымен қоса баланың жетімсіремеуін болашақ тағдырының айқындығы үшін де қолданылған салт.
Ел тәуелсіздігін алды. Күшімізді, мақсатымызды бір арнаға тоғыстырып дамуды көздеп келеміз.
Кенет...
Елде тастанды бала ұғымы...Қоқыстан табылған шақалақ, туған анасының қолынан дүниені танымастан өлім құшқан күнәсіз періште...
Жан түршігерлік осындай оқиғаларымыз жылдан жылға көбейе берді. Қызғалдақтай жас аруларымыз өмір көрместен жолдарынан жаңылып, сол күнәнің өтеуін күнәмен жапты қайтадан.
Міне, «Жетімдер үйі» ұғымы қолданысын жоймай, керісінше құрамын толықтыра берді. Өзекті мәселеге айналған бұл жайт бізді де сізді де сан сақ ойға салады. Әрине жоғары жақ өкілдерін де бей жай қалдырмағаны анық!
Статистика сыр шертсін:
«Ресми статистика мәліметтеріне қарағанда, 15-19 жастағы қыздардың бала туу жиілігі шамамен 35 оқиғаны, нақтырақ айтқанда 1000 қызға шаққанда 34,72 оқиғаны құрап, 2011 жылдан бері ұдайы артып келеді. Бұл үдеріс соңғы 10 жылда ешқандай өзгерген жоқ. 2011 жылы 1000 қызға шаққанда 29 оқиға тіркелген болатын. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың бала тууына қатысты ең үлкен көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі – 1000 қызға 54 оқиға, одан кейінгі орында Жамбыл облысы – 1000 қызға шаққанда 50,5 оқиға, сосын Атырау облысында 46 оқиғадан тіркелген. Айта кетсек, Қазақстандағы бұл көрсеткіш экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есе жоғары. Ұйым елдерінде кәмелетке толмаған мың қызға 4-6 оқиғадан тіркеледі», –деді Ғазиза Молдақұлова.
Мәселен Қазақстан бойынша олардың саны бүгінгі таңда 96 мыңға жетіп отыр. Алматы қаласындағы №1-ші перзентхананың бас дәрігері Тимур Құлманов өз баласынан бас тартқандардың көбі студент жастар дейді: Қазақстан үкіметі мен ЮНИСЕФ арасында 2005-2009 жылдарға арналған «Әрбір бала өз отбасында өсуі тиіс» атты біріккен бағдарлама қолға алынды. Ал балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің сөзіне қарағанда, тағдырдың тәлкегіне салған ата-анасының қолынан гөрі, жылуы бар балалар үйі жақсы.
Осыған орай жасалынып жүрген іс-шаралар да аз емес.
ҚазАқпарат 2018 жылдан бастап Қазақстандағы барлық жетімдер үйі қиын жағдайда қалған отбасылар мен балаларды қолдау орталықтарына айналады деп xабарлайды. Орталықтар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар келешек отбасын тапқанға дейін паналайтын уақытша орын ретінде қарастырылмақ деген болатын. Оның үстіне «аналар үйі» дейтін ұғымдыда қолдануымызға тура келеді. Балалар үйін азайту мақсатында ел де, үкімет те қолдан келген көмегін аямайды. Нәтижені де жаман деп айта алмаймыз.
Қанша дегенмен жетімін жылатпаған қазақпыз ғой!