Редактор бағаны

Мектеп оқушыларына студенттен кеңес

Болашаққа бағдар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қазіргі таңдағы бар жұмысы грант иеленуге лайықты білім алу болып саналатын мектеп оқушыларының алдағы өміріне деген көптеген сұрақтарының бары анық. Мұғалімнен үрену, көрсетілген үй тапсырмасын орындаумен ғана шектелетін мектеп программасын бітірген түлекке ,студенттік өмірінде тездетіп өз жолын табу үшін ол жеткіліксіз. Осы орайда барлық болашақ студенттер үшін ескеруі тиіс болған кеңестерді ұсынамыз:

• Ең бірінші идеологияны дұрыс бағытта қалыптастыру. 
Сіз алуға әрекет жасап жатқан "грант",сізге және сіздің отбасыңызға сіз ойлағаннан да құнды нәрсе. " Түсіп кетсем болды,одан кейінгісін амалдармын " деген жеңіл ойдан арылыңыз. Грантты иелену бір еңбек,оны сақтап қалу -қояр талабы күшейген бөлек еңбек. 
• Фундаменталды білімді қалыптастыру.
ҰБТ-ға қатысушы оқушының басты қиындығы бастауыштағы білімді нашар алуынан. Сол сияқты университет бағдарламасын үйренуге аса көп уақыт жұмсамау үшін өз салаңыздың фундаментін жетік игеріп келіңіз. Олай етпесеңіз,студенттік өміріңіз тек сабақ оқумен өтіп кетеді. 
• Құжат жұмыстарында сауатты болу
Оқу орныңызға келгеннен бастап қағаз басты адамға айналасыз. Қай жерден алу керектігінен ,кімге беру керектігінен,қалай сұрау керектігінен хабардар болыңыз. Құжатқа келгендегі сауатсыздығына байланысты опық жегендер аз емес. Қабылдау комиссиясынан бастап қой деген жерге қолыңызды қоя бермеңіз. Қазірден бастап ,тым құрығанда он алтыға толған соң, халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлігіңізді алуға өзіңіз барыңыз.
• Белсенді(активисттік) өмірді игеру. 
Өз мектебіңізді сол мектептің белсендісі болып бітіріңіз. Көпшілік мектепте "Өзін-өзі басқару " ұйымы құжатты түрде бар. Осыны қолға алыңыз. Командамен жұмыс істегендер ғана жаңа таныстықты дұрыс бағалай алады.
Саханаға шығыңыз, аудитория басқарыңыз. Акт залда 60 адамның 120көзіне қарап еркін сөйлей алған адам, сабағында эдвайзермен,жатақханасында коммендантпен, таныстықта кез-келген адаммен сөйлескенде қиындыққа жолықпайды. 
• Тәрбие,дін,мәдениетті дұрыс үрену
Өзіндік түсінігі жоқ адам басқаның кеңесіне амалсыз келіседі. Дұрыс не бұрыстығына мән бермейді. Үйдегі тәрбиені орнықтырып алыңыз.
Нені қай жерден үйрену керегін білмейтін адам көшедегі стрелканың көрсетуімен кете береді. Намазды қалай оқу керегін үйренбей келген студент, сәләфи де ,Ханафи де бір мешітте намазы оқитын қалада ,қасындағының қылығын қайталап құлшылық қылады. Ал қасында кім тұрғанын қайдан білсін...
Кейбір студенттердің 2ші курста түсініп жатқан нәрсесін, мектеп кезде игеріп келуге барлық оқушының мүмкіндігі бар.
Математик деген тек қана есеп шығара алатын адам емес. Маман деген тек өз саласын жетік меңгерген адам емес. Заман талабы-универсал болу!