БІЛІМ

Білім басқармасы жауап берді: Жаңаөзендік мұғалімдер наразылық акциясына шықты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім басқармасы мектептерді жекеменшікке беруге қарсы болған жаңаөзендік мұғалімдерге жауап берді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Жаңаөзендегі №2 және №6 орта мектептердің мұғалімдері мемлекет басшысына арнап бейнеүндеу жолдап, оқу орындарының жекеменшікке өтіп кеткеніне наразы болған еді.

«Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз», - деген болатын үндеуде.

Облыстық білім басқармасы мектептердің мемлекет меншігінде екенін хабарлады. Олар белгілі бір мерзімге ғана басқаруға беріледі.

«МЖӘ тетігі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын арттыру; күрделі және орташа жөндеуді қажет ететін ғимараттарға жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде жүргізу; білім беру саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, заман талабына сай сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру», - деді басқарма басшысы Светлана Төлебаева.

Тағы да оқыңыз: Жаңаөзендік мұғалімдер наразылық акциясына шықты (видео)