Bugin
Ауғандық Фарах провинциясындағы отбасы өзінің екі кішкентай қызын 60 мың ауғаниға сатып жіберген. Фарахтан келген 38 жастағы Фариба «8 Собх» газетіне берген сұхбатында екі ұлын құтқару үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Фариба балаларымен қыстың суық түндері мен күндерін Фарах қаласының алтыншы ауданындағы жалдамалы тұрғын үйде өткізетін көрінеді. Күйеуі есірткіге тәуелді. Отбасымен аш болатын күндері көп екенін және көршілерден нан сұрап алып балаларына қорек қылады екен. Ал кейде балаларына тамақ алу үшін көршілерінің киімдерін жуып ақша табатынын айтуда.
Фариба Талибан басқаратын (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) үкімет пен көмек агенттіктерінен көмектесуді сұрайды.
- «Мен екі қызымды саттым, себебі менде ештеңе болмады. Егер сіздер көмектеспесеңіздер ұлдарымды сатуға тура келеді. Маған құдай үшін көмектесіңіздерші. Көрдіңіздер ме, мен кедеймін, менде ешкім де, ештеңе де жоқ» - дейді әйел.
Турялай мен Разик-Фарибаның екі кішкентай ұлы отбасын отынмен қамтамасыз етеді. Олар үйді жылыту үшін Фарах көшелерінде қоқыс жинайды. Екі бала әпкелерін сатқанын біледі, сондай-ақ, отбасындағы қиындықтар туралы айтады: «Біздің үйде ештеңе жоқ. Көбінесе біз аш ұйықтаймыз. Біздің анамыз әпкелерімізді сатты. Біз оларды ұмытпаймыз. Бізде ештеңе жоқ. Біз де мектепке барғымыз келеді, бізге көмектесіңіздерші».
Фарахтың азаматтық белсендісі Абдул Джаббар Джебран провинцияда кедейлік өршіп тұрғанын айтады, бірақ халықаралық қауымдастық ауған халқына бей-жай қарайды.
- «Өкінішке орай, Фарахтағы отбасылардың көпшілігі қиындықтарға тап болады. Бұл отбасылардың кейбіреулері балаларын сатады. Халықаралық қауымдастық Ауғанстан халқы туралы ұмытпауы керек» - дейді ол.
Фарахтағы жүздеген отбасы жиырма жылдық соғыс кезінде асыраушыларынан айырылды. Бұған дейін Герат, Гор және Газни провинцияларында балалар саудасы туралы хабарламалар болған, бірақ жергілікті Талибан шенеуніктері (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) мұны «жаулардың насихаты» деп атаған.
Ауғанстандағы билікке Талибан (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) келгеннен кейін кедейлік пен жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті. Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, ауғандықтардың 90% - дан астамы кедей.