Bugin
Құдайды адам ретінде көретін, оның жер бетінде өмір сүретініне сенетін тіршілік иелері бар. Қызық, иә?! Вugin.kz порталының тілшісі төменде Құдайды іздеп жүрген жігіт туралы айтпақ.
Бір күні Раджастхан штатының аумағына кәдімгі адамға ұқсайтын шетелдік(инопланетян) келіп қонады. Ол зерттеу миссиясымен келген. Оған кезіккен алғашқы адам мойнындағы өз әлеміне қайтаратын тұмарын ұрлап кетеді. Қиындыққа тап болған ол жер бетінде адамдарша өмір сүре бастайды.
Дәл осы уақытта Бельгияда үнділік Джаггу пәкістандық Шарфараз атты жігітпен кездеседі. Жастар қыз бен жігіт болып жүреді. Джаггу бар батылдығын жинап, ата-анасына жігіті туралы айтады. Оның әкесі дінге сенетін адам, ол діни жетекші Тапасвиджиден қызына байланысты кеңес сұрайды. Ол пәкістандықтардың үнемі алдайтынын айтып, қыздың әкесін сол сөзіне сендіреді. Олардың қателескенін дәлелдеу үшін Джаггу Шарфаразға үйленейік дейді. Алайда қыз жігітті шіркеуде күтіп тұрғанда, бейтаныс бала оған некеге тұрудан бас тартқан хат әкеліп береді. Көңілсіз Джаггу Үндістанға оралып, телеарнаға жұмысқа орналасады.
Бір күні журналист қыз метрода құдайды іздеп жүрген жігітті кездестіреді. Оның есімі – Пикей. Ол бүкіл жерге іздеу қағаздарын жабыстырып, адамдарға таратып тастаған. Бұл адамды кейіпкер ретінде көре алған Джаггу оның тарихын, оқиғасын сұрайды. Алайда ол басқа планетадан екенін айтқан кезде жігітті жынды ретінде қабылдайды.
Жерде сөйлесу арқылы байланысатынын түсінген Пикей ақыл-ойды оқу арқылы тіл үйренуге тырысады. Бір адамның қолын алты сағат бойы ұстап отырған ол бходжпуриді үйреніп шығады.
Енді сөйлесе алатын жігіт Делиге ұрыны іздеуге келеді. Делиде Пикей адамдарға затын ұрлатып алғанын айтқанда, «оған тек Құдай ғана көмектесе алады» деген жауапты жиі естиді. Құдайдан көмек сұрауға тырысқан ол Үндістан халқы ұстанатын бірнеше дінге тап болады. Шатасқан Пикей қайсысын таңдарын білмей, кезек-кезегімен барлық құдайларға табына береді.
Бір күні Құдайдан үмітін үзген кезде, діндар Тапасвиджи сарайынан жоғалтып алған затын көреді. Алайда ол бұл бұйымды құдайдың жәдігері ретінде атап, оны беруден бас тартады.
Пикейдің айтқандарының шынайы екеніне сенген Джаггу оған үйіне оралуға көмектесуге уәде береді. Сондай-ақ оны «қате номер» туралы ойлауға итермелейді. Ол былай: діни қызметкерлер Құдаймен байланысуға тырысып, адамдарға шынайы көмек көрсетудің орнына, мағынасыз рәсімдерді орындауға шақырады. Джаггу осы идеяға негізделген науқан жасап, онда ол үндістерден осындай жағдайлар туралы хабарлауды сұрайды. Науқан тез танымал болып, діни қызметкерлердің, соның ішінде халық Тапасвиджидің қызметіне күмәнмен қарай бастайды. Осы кезде Пикей жоғалтып алған кілтін ұрлап кеткен ұрыны тауып, оны Тапасвиджиге сатқанын біледі.
Дәл осы сәтте Тапасвиджи Пикейді тікелей эфирде өтетін пікірталасқа шақырады. Діндар адамның Құдаймен тікелей байланысы жоқ екенін дәлелдеу үшін Пикей Шарфараз туралы болжамын мысал ретінде айтады. Ол Джаггуге сол кезде қолына алған «хаттың иесі Шарфараз екеніне көзің жете ме?» деп сұрақ қояды. Джаггуды хатты жіберген адам шіркеудегі қыздарды жай ғана шатастырып алған деген ойға жетелеп, Шарфаразбен байланысуға көндіреді. Қыз Шарфараз бұрын жұмыс істеген Бельгиядағы Пәкістан елшілігіне хабарласады. Елшіліктегі хатшы жігіттің оны әлі де жақсы көретінін және Лахорда оның қоңырауын күтіп жүргенін айтады. Осылайша Пикей шындықты айтқан болып шықты.
Арада бір жыл өткен соң тағы бір кеме бірнеше зерттеушілермен, соның ішінде Пикеймен бірге жерге қайтадан қонады.
P.S. Құдайды іздеген жігіт Құдаймен жүздеспесе де, жолында кезіккен жақсы адамдар арқылы жаратқанмен байланыс орната алғанын түсінді. Түрлі діндерді зерттеген ол халыққа «жүрекпен құлшылық етіңдер» деген ойды сіңіріп кетті.
Байқағаныңыздай, бұл «Пикей» атты фильмге жазылған рецензия болды. Терең мағыналы туындыны Жердегі әрбір адам көру керек деген ой келеді...
Дайындаған: Ақмарал БЕРЕКЕТ