Bugin
Құрылыс компаниялары араласпасын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана берудің жаңа платформасын іске қосуды тапсырды. Нақтырақ айтсақ, 1 мамырға дейін іске қосуды тапсырма етіп жүктеді. Бұл жайлы Bugin.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы "тендерге жатып алған" құрылыс компанияларының көзін құртуды тапсырды. Оның айтуынша, мұндай компаниялар құрылысты өзі салмайды, тендерді ұтып алып, жұмысты субмердігерлерге береді де, пайданы өзі көреді. Бұл баспана бағасының қымбаттауына әкеледі.
"Жалдамалы пәтер құнын төлеп беру бастамасы былтыр көтерілген еді. Алайда шенеуніктер бұл бастаманы "сағыздай созып" жіберді. Құрылыс фирмаларының мүддесіне жұмыс істеп отыр", - деп атап өтті Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл бастама – елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастама.
"Отбасы банк" пен Цифрландыру министрлігі бірігіп, жаңа платформа құрып, пәтер жалдап отырған мұқтаж азаматтардың тізімін сонда орналастыру, өтініштері қабылдауы тиіс. Мұқтаж азаматтардың пәтерақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан беріледі. Азаматтарға бұл біршама көмек болары анық. Әрі азаматтар үй жалдағысы келген жерді өзі таңдауы қажет. Құрылыс компаниялары мен шенеуніктер бұған араласпауы тиіс", - деді Тоқаев.