Bugin
16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары президентке, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мен Маңғыстау облысының әкіміне үндеу жолдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан президентінің телерадиокешені КЕАҚ.
Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетері, 16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу жолдады.