Weekend
"Мотивация" - дерексіз зат есім. " Мотивациямен" ауыратын адамдар.
Ауылда жүргенде әкеміз таңертен тұрғызып, балам қойды өріске жай десе " әке маған мотивация керек деп " айтатын ба едіңіз не анамыз бір жерге жұмсаса " қазір анашым кішкене жолға мотивация керек еді " деп айтатын ба едік? Қарап тұрсаңыз бұл адамның өзін-өзі алдауы.
Қазіргі таңда " мотивация " алу үшін көптеген кітаптар шықты, семинар-тренингтер өткізіліп жатыр. Тіптен таңертең ерте тұру , сабаққа бару, бір жаңа дүниені үйрену, күнделікті қалыпты өмір сүру үшін "мотивация" іздейтін адамдар бар. Сол ауруға шалдыққан тіптен қарап отырсақ. Қазір кітапханаға кірсек мотивациялық кітаптардан көп нәрсе жоқ, бірақ сол іскерлік, кәсіптік жолында жазылған бағыт-бағдар, жолды XIX ғасырдың екінші жартысында Абай атамыз айтып, жүрегінің қанымен жазып қалдырған. Мысалы, А пунктінен ( яғни, сіз) В пунктіне ( сіз атқаратын бір жұмыс, кәсіп) бару үшін бізге мотивация керек болса, сіз " Мотивациялық" кітап оқисыз да В пунктіне жетесіз. Қарап тұрсаңыз артық шығын уақыт. Ойыңа идея келді ме бірден іске кіріс, "мотивация" іздеме. Ол жоқ нәрсе. Сізге өмірге деген құлшыныс керек болса, мүмкіншілігіңіздің көп екеніне көзіңізді жеткізгіңіз келсе, " екі қолы жоқ" не болмаса екі аяғы жоқ" , "көзі көрмейтін" зағип жандарды есіңізге алыңызшы. Сол жандардан " мотивация " сізге керек пе?" деп сұрап көріңіз. Не деп жауап берері айтпаса да айдан анық. Сіздің орныңызда болса сол жандар қандай дүние істейтінін білесіз бе?
Сондықтан тек іске бірден кірісе білейік. Осы жерде Абай атамыздың лайықты шәкірті Мағжан Жұмабаевтың " Құрбым " өлеңінен:
Бұл жалған ойын емес бейнет жері,
Қылғанға адал еңбек зейнет жері.
Жалғанның бір мүшесі бола алмассың,
Қиналып, маңдайыңның ақпай тері
Қорықпа, ұмтыл, соқса дауыл,ескегіңді ес,
Деп жатпа: "Алма піс те, аузыма түс!"
Бейнет, еңбек қылмасаң - босқа өлгенің,
Құрғақта, қайық жүрмес, үмітіңді кес!!
Иә, бұл менің өз ойым. Келісіп, келіспейтіндеріңізді өздеріңіз білесіздер. Абай атамыз ғақлияларында жазғандай " өз сөзім өзіме".