Редактор бағаны

Адамның ең үлкен бақыты...

Бақытты болғыңыз келе ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамның өмірінде меңгерген білімі мен ұмтылысы жақсылыққа бағытталған болса, оған іс-әрекет арқылы қол жеткізсе, онда ол ең үлкен жақсылық болуы керек. Өмірде қарапайым адамға да, талғамы жоғары адамға да, сезім мен бақыт қажет. 
Аристотель

Әр адам бақыт  ұғымын  өзінше түсінеді. Біреулері «бақыт» сөзін «денсаулық» ұғымымен ұштастырып жатса, енді кейбіреулері бастық болсам, бай болсам деп армандап , көздерін шел басып жататындары тағы бар.  Нағыз бақыт ата-ананың жылы құшағы мен сезімге толы шынайы махаббаты емес пе?!

Түсіне білген адамға әрбір күннің өзі бақытқа толы болып көрінеді.  Себебі, арайлап атқан күнді, қызарып батқан түнді көріп жүргеніміздің өзі бақыт емес пе?!

Адамдар кейде бақытты болуды, өз өмірінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру деп ойлайды. Бірақ та олар бақытты өмір сүру үшін оның болымсыз екеніне есеп бермейді. Адамның табиғаты мен адам болмысының мәні туралы толғанған көптеген философтар ортақ қорытындыға келді. Сократтың айтуы бойынша, «Саналы түсінбеген өмірдің мәні жоқ». Бұл даналықты ұмытқан ағылшын философы Иеремия Бентам былай деген: «Қанағат алу – бақыт көзі, кез келген қанағаттану сезімі ауырлықтан жақсы, сондықтан қуыршақ ойнау, ақындық тәрізді құнды». Осыған оның досы Милль былай деп жауап берген: «Қанағаттанған шошқа болғанша, қанағаттанбаған адам болған артық; қанағаттанған ақымақ болғанша, қанағаттанбаған Сократ болған жақсы; Ал, егер, шошқа мен ақымақтың басқаша пікірі болса, онда олар жағдайының бір қырын ғана көргені».

Ал, мен үшін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады. Сондыттан, Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: «Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз». Иә, өзімізді бақытты кылатын өзіміз.