Bugin
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған РФ президенті В.Путиннің әрекетін сынады. Донбас Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасын тәуелсіз ел ретінде мойындаудың реті жоғын жеткізді.
"Бұл (ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел деп тану – ред.) қолдайтын әрекет емес. Ресей тарабын сау ақылға келіп, халықаралық құқықты қолдануға шақырамыз. Біз де Қара теңізге қарасты ел болғандықтан, бұл бассыздыққа төтеп беруіміз керек. Әрі соған сай шараны қолданамыз да", - деп жеткізеді түрік президентінің сөзін "Анадолу" агенттігі.
Айта кетейік, 21 ақпан күні түнде Ресей президенті Владимир Путин Украина территориясына қарасты Донбас пен Луганск республикаларын тәуелсіз елдер деп мойындап, жарлыққа қол қойған еді. Кремльдің бұл әрекеті әлем елдерінің сынына ұшырады.