Bugin

Шетелдік көліктерге жеңілдетілген несие берілмейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан тұрғындары төмен пайызбен тек елде құрастырылған көлік ала алады.

Бұл жайлы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Kolesa.kz.

"Неге біз бөтен өндіріске, бөтен жұмыс күші мен басқа салық салынатын базаға басымдық беруіміз керек? Жоқ әрине! Автонесие өзіміздің автоөндірісті ғана қамтиды", - деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Біраз уақыт бұрын кейбір қоғамдық ұйымдар шетелдік көлік алам деушілерге де несие төмен пайызбен берілуі керек деген ұсыныс айтқан еді.

ИИДМ қазір бағдарламаны қайта іске қосудың екі нұсқасы: оған қажет қаражатты мемлекет қазынасынан алу немесе "ӨКМ операторы" жинаған ақшаны қолдану қаралып жатқанын хабарлады.

Арзан автонесиенің екі түрі қарастырылып жатыр