Bugin
Қазақстанда утилизациялық алымның көлемі 50 пайызға дейін арзандады. Мұны ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр 24 арнасындағы "Сұхбат" телебағдарламасында айтты.
"Утилизациялық алымның ставкасы 50 пайызға төмендеді. Алдағы уақытта төмендетудің немесе керісінше қымбаттатудың жолдары қарастырыла жатар. Бірақ қазіргі көлемі осы деңгейде қалады дегенге шешімге келдік", - деп атап өтті Скляр.
Сондай-ақ, сөз барысында үкімет басшысы орынбасары утилизациялық алымға қарсы қоғамдық қозғалыс өкілдерін жалған ақпарат таратушы және отандық автопромды қаралаушы, құнын түсіруші жандар деп атады.
"Бізде автопром пен автоөндірісі жоқ деген жалған ақпараттарға қарамастан, отандық автомобиль өндірісін күшейтуді жалғастырамыз", - деді Скляр.
Одан бөлек, бұған дейін утилизациялық алымнан түскен 250 млрд теңгенің 100 млрд теңгесі жеңілдетілген автонесиеге бағытталатын да айта кетті.
"Жеңілдетілген автонесиенің екі нұсқасы ұсынылады. Бірі – 4 пайыздық жеңілдікпен отандық көліктерді сатып алуға несие беру. Екіншісі – алғашқы жарнасыз несие беру. Осының арқасында 71 мың азамат жаңа көлікке ие болады", - деп түсіндірді Скляр.