Bugin

Ердоған Путинді сынға алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған РФ президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында түрік президенті Ресейдің Украинаға қысым жасап отырғанын, оның территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіріп, арандатуға барғанын мүлде қолдамайтынын жеткізді. Бұл жайлы Anadolu агенттігі хабарлады.

"Соғыс ешкімге береке әкелмейді. Минск келісімшарты арқылы бейбіт келісімге келу керек. Аймақтағы шиеліністі шешуге Түркия билігі әрдайым әзір. Ол үшін дипломатияның бар күшін қолдану қажет", - деді Ердоған.

Сондай-ақ әңгіме барысында Ердоған былтырғы Сочи келісіміне орай, Ресей президенті Түркияға Ынтымақтастың кеңесінің отырысына шақыратынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Тайып Ердоған Донецк пен Луганкі халық республикаларын тәуелсіз ел деп танудан бас тартатынын жеткізген.