Bugin

ҰҚК-ның тағы бір басшысы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды. Бұл жайлы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК Төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә.Садықұловқа, Д.Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда", - деп ақпарат таратты ҰҚК.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды.

2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, осымен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төртінші басшысы ұсталып отыр. ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның қос орынбасары Ануар Садықұлов және Дәулет Ерғожин ұсталған еді.