Bugin

Теңге бір сәтте құлдырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық валютасы тағы құлдырады. Қазақстан қор биржасында (KASE) 24 ақпан сағат 11:00-дегі бағамы бойынша $1 құны орта есеппен 452,49 теңге теңесті.

Кейбір орындарда теңгенің бағамы 466-ға түсіп кеткен. Кешеден бері ұлттық валюта 15 теңгеге құлдырады.

Kurs.kz сайтындағы мәліметтерде ұлттық валюта Нұр-Сұлтан қаласында 460 теңгеден, Алматыда – 466 теңгеден, Шымкентте – 452 теңгеден, Ақтөбеде – 456 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кеткен жөн, ресейлік рубль де рекордтық деңгейге құлдырады. Еуро - 100 рубль, доллар - 89 рубльге түсті.