Әлем
Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды. Алайда қажет болған жағдайда олар да тартылуы мүмкін. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Қажет болған жағдайда Украинаға әскер жібереміз», - деді ол.
Сондай-ақ Александр Лукашенко Украинаның қақтығысты қалайтынын және оның алдын алу үшін ештеңе жасамағанын атап өтті.