Bugin
Ресей Украинада әскери операция басталғаннан бері нарығы қатты құлдырап кетті. Рубль құнсызданып, Мәскеу биржасы жабылды, Ресейдің ірі компаниялары 6,6 трлн рубль капиталынан айырылды. Жан-жақтан экономикалық санкция басталды.
Мұның бәрі Ресей экономикасы мен халқына, оның қалтасы мен ішіп-жеміне қалай әсер етпек, соны "Новая газета" басылымы есептеп шыққан екен. Соған көз жүгіртейік.
Әскерге бір күнде – 10 млн доллардан
Ресей 2015 жылы Сирияға әскер кіргізгені белгілі. РБК-ның есебінше, сол кезде 1600 сарбаз бен әскери техниканы күтіп-ұстауға Ресей күніне $2,4 млн қаржы жұмсап отырған екен. Ал Украинадағы әскери операцияға 149 мың сарбаз жіберілді. Демек, соғысқа күніне ондаған миллион доллар қаржы кетіп жатыр деген сөз.
Бір ұшақ – $11 млн доллар
Украинаның Қорғаныс министрлігі Ресейдің соғыстың бірінші күнінде 30 танкі мен 130 брондалған көлігінен, 5 ұшақ пен 6 тікұшағынан айырылғанан мәлімдеді.
СУ-25 ұшақтың құны – $11 млн доллар. Ка-52 тікұшағының құны да сондай. Т-72 танкінің бағасы – 22 млн рубль (оны 30-ға көбейтіңіз).
Бір күнде 6,6 трлн рубль жоқ болды
Ресейдің үш ірі компаниясы – «Газпрома», «Роснефть» пен «Сбербанк» бірігіп 6,6 трлн капитализациясынан айырылды.
Мәскеу биржасы 33,3 пайыз құлдырады. 2008 жылдан кейінгі ең үлкен құлдырау.
Санкция
АҚШ пен Ұлыбритания Ресейдің ірі 6 банкіне санкция салды. ЕуроОдақ ресейдің мемлекеттік қарызын санкция жариялады. Бұл дегеніміз – енді Ресей долларды сатып ала алмайды, ал елге келетін инвестиция азаяды деген сөз.
Инфляция
Рубльдің құлдырауы инфляцияға әкеледі. Инфляцияның жылдық деңгейі 10-15 пайызға дейін баруы мүмкін. Бұл Ресейдің қазіргі инфляциясынан екі есе көп.
Инфляцияның кесірінен шетелдік тауарлар күрт қымбаттайды. Қазірдің өзінде электроника заттары 30 пайыз қымбаттап кетті.
ДНР мен ЛНР-ды қалпына келтіру
Донбасс пен Луганскі Республикаларын (БҰҰ мойындамаған елдер) қалпына келтіруге де Ресей өз қалтасынан ақша береді. 3 жылда оған 1,5 трлн рубль қаржы кетуі мүмкін.
Қазірдің өзінде қос республикадан ағылған босқындарға 610 млн рубль шамасында өтемақы берілді.