Редактор бағаны

Әлемдегі ең қысқа хат

Ең қысқа әңгіме жазған кімдер екенін білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең қысқа әңгімелер жазған кімдер екенін білесіз бе? Мүмкін сізде жаза аларсыз. Қысқа болса да оқырманына ой салатын әңгімелер қашан да керек-ақ.

Әлемдегі ең қысқа хат Америкада жазылған екен. Баспаханаға сұрау "?" белгісімен хат келеді. Баспа жетекшісі леп "!" белгісімен жауап жіберген. Мағынасы — хатты жіберуші баспаға берген кітабының жағдайы не болып жатқанын сұраса керек. Жауап — «бәрі ойдағыдай» дегенді білдірген.  

Атақты О.Генридің шағын әңгімелер жарысында жеңіске жеткен мынадай әңгімесі бар. «Темекісін тұтатқан жүргізуші қанша жанармай қалғанын білмек болып, жанармай багіне үңілді. Бейбақтың жасы 23-те болатын». Шиеленісіп шешімін тапқан бұл әңгіме оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.

Фредерик Браунның хоррор стиліндегі атышулы әңгімесі бар. «Жер бетіндегі соңғы адам бөлмеде отыр еді. Есік қағылды».

Керемет еңбектер жазған Эрнест Хеменгуэйден біреу «кез-келген тақырыпта ең қысқа әңгіме жаза аласың ба?» деп сұрапты. Сонда, Эрнест «балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген» - деп жазып берген екен.

Осындай қызықты мәліметтерді қарап отырып, әрбір адамның шабыты ашылары анық. Менде өз шамам келгенше қалам тербедім. Сіздің де қолыңыздан келері анық. Жазыңыз. Оқыңыз. Ойланыңыз.

- "Теңізде жүзіп келем ескексіз" - деді, қолы жоқ қария.

- Досты қураған ағаштай, дұшпанды жемісті бақшадай көретін замандамын.

- "Ата-анама көмектескім келеді"- деп, көзіне жас алды жетім бала.

- Күзде неліктен жапырақ сарғаяды, олда бір жанды күткені ме?!

- Адам мәңгі тірі жүрер болса, мына өмірде алға ұмтылу деген түсінік болмас еді.

- Сенім - сағынумен, еркелеумен, нәзіктікпен ілескен махаббат.

- "Сен мүгедексің" - деп өгей шеше баланы ұра бастады. Баладан жас ақты, өгей шеше ұрғаннан емес. Өз анасының қасына бара жатқанына қуанып... 

- Сәби күлкісі баға жетпес құндылық десем, тағы да бағаға келіп тірелді...