Bugin

Қазақстан АЭС салуды кейінге қалдырмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда Атом электр станциясын салу кейінге, шамамен, 2-3 жыл кейінге қалдырылмақ. Бұл жайлы ҚазТаг агенттігінің дереккөздері хабарлады.

"АЭС салу мәселесін 2-3 жылдан кейін қарастырамыз. Бұған қазір әлемде болып жатқан жағдай әсер етіп отыр. Әсіресе, Украинадағы АЭС-тің өртенуі мен оқ астында қалуы себеп", - деп түсіндірді дереккөз иесі.

Айта кетейік, Украинаның Энергодар қаласындағы Запарожье АЭС-ін орыс әскерлері басып алып, кейін ол оқ астында, әскери шабуылдың ортасында қалған еді. АЭС маңында өрт болды. Қазір жағдай орынша. АЭС-тің энергоблогы зардап шеккен жоқ. Әзірше Ресей әскерінің бақылауында.  

Ресейдің Қорғаныс министрлігі неге АЭС-ке оқ атқанын былай түсіндірген еді. 

Осы оқиғаға байланысты халықаралық МАГАТЭ ұйымы Ресейдің басқа елдерде АЭС салуына шектеу қою мәселесін қарастырып жатыр.