Bugin
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Ресейге қарсы санкция салудың мәні жайлы түсініктеме берді. Бұл жайлы Zakon.kz жазды.
"Украинадағы жағдай ушығып барады. Сондықтан алдағы ұзақмерзімді шаралар мен оның салдары жайлы бір нәрсе айту ерте. Бірақ атап өтер нәрсе мынау: ол – АҚШ салған санкцияның тікелей Ресейге бағытталғаны. Яғни, Қазақстан сынды өзге де мемлекеттердің экономикасына зияны тимес үшін осындай қадамға барғаны", - деп хабар таратты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі.
Елшіліктің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ-тың 30 жылдық серіктестік қарым-қатынасының негізгі мақсаты – елдің экономикасын өркендету мен түрлі бағытта дамуына көмектесу.
Ұлыбритания елшілігі Қазақстанға санкция салу жайын түсіндірді