Bugin

Ресей әскері қанша үй мен мектепті, аурухананы қиратты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей әскері – ХХІ ғасырдың нағыз варварлары (жабайы, тағы халық). Нағыз әскермен, қарулы жасақпен соғыса алмайтынын көрсетті. Қарулы жасақпен соғысудың орнына бейбіт тұрғындарды қырып, тыныш тұрған ғимараттарды қиратып жатыр.

Осылай деп жазды Украина президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.

"Ресей әскері 202 мектеп пен 34 аурухананың, 1500 тұрғын үйдің (арасында көпқабатты үйлер де бар) күл-талқанын шығарды. 900 елдімекенді ауыз сусыз, жарық пен жылусыз қалдырды. Ресей армиясы басқа армиямен соғыса алмайды. Қолынан бейбіт тұрғындарға зәбір көрсету мен ғимараттарды қирату ғана келеді", - деп жазады Подляк.

Айта кетейік, Ресей әскері 24 ақпан күні "Украинаны азат ету әскери операциясын" бастағанда-ақ блиц-криг әдісімен бұл елді 2-3 күнде жаулап алу жоспарланған сыңайлы. Алайда Путиннің жоспары көкке ұшты. Жаяу әскер Украин қалаларын басып ала алмады. Сондықтан Ресей армиясы авиациялық күштерге сеніп, Киев, Харьков, Херсон сынды ірі қалаларды зымыранмен атқылаған еді. Бұдан бейбіт тұрғындар қаза тауып, әлеуметтік инфрақұрылымдар қирады.

12 күнде Ресейдің қанша жауынгері қаза тапты? – Украина ҚК жауабы

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61