Bugin

Ресей Украинамен шекарадағы әскерін 100% соғысқа қосты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Украинадағы әскери операциясын жүргізуге жоспарлаған әскерін толықтай іске қосты. Қазір ресей әскерінің барлық күші Украина территориясында жүр. Бұл жайлы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің жоғары шенді шенеуніктері айтты, деп хабарлайды CNN.

Пентагонның (АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі) мәліметінше, Ресей Украинаға барлығы 625 зымыран жіберген екен. Ал кеше 7 наурыз күнгі мәлімет бойынша, Ресей он екі күннің ішінде 600 зымыран жіберген. Пентагонның мәліметінше, бұл зымырандар – Ресейдің Украина шекарасына әкеп қойған зымырандардың барлығы. Көбі Беларусь жерінен атқылаған.

 АҚШ Қорғаныс министрлігінің кешегі мәліметтерін алып қарасақ, Ресейдің соғыста жеткен жетістігі аз. Мәселен, Украинаға әуе күштері көтеріліп, зымырандармен қанша атқыласа да әлі күнге дейін Украина аспанын өзіне бағындыра алмады.

"Украина әскерінің тікұшақтары мен ұшақтары емін-еркін ұшып жүр. ПВО жүйесі әлі істеп тұр. Ресей Қарулы күштері мұны да ала алмады. Киев түбіндегі 64 шақырымға созылған танк колоннасы жылжыған жоқ, сол күйі әлі тұр. Соған қарағанда, жанармай таусылып қалған сыңайлы. Одесса қаласы маңына ресейдің теңіз десанты келеді делінген еді. Ол да келген жоқ. Келеді деген де белгі жоқ", - деп түсініктеме берген Пентагон басшылары.

"Украинаның әлі күші жеткілікті. Әуе қорғаныс ресейге бере қоймайды", - деді бүгін АҚШ Қорғаныс министрлігі мамандары.

Кеше Украинаның Қарулы күштерінің Бас штабы 46 мың ресей жауынгері "жоқ болды" деген еді. Яғни, оның ішінде 12 мыңы қаза болды (8 наурыз күнгі дерек). Қалғаны – тұтқынға түскендер мен жараланғандар. Ал Ресей Украинамен шекараға барлығы 190 мың әскер әкеп орналастырған еді.

Бұған дейін АҚШ-тың Барлау қызметі Путиннің бүкіл әскерінің 75 пайызын Украина шекарасына әкеліп орналастырды деген. Яғни, Ресейдің бүкіл 160 батальонының 120-сы Украина шекарасына әкелінген. Шамамен, бұл дегеніміз – 190 мың жауынгер.

Егер осы күштің бәрі Украинаға кірсе, онда Ресейдің бүкіл әскерінің 25 пайызы ғана қалды деген сөз.

"Қалған әскерді де іске қосты дегеннің өзінде Ресейдің алғашқы басып кірген басқыншылығындай әсер болмайды. Екіншіден, Ресей қалған әскерін іске қосса, онда бүкіл армиясын әлсіретіп алады", - деп түсініктеме береді АҚШ Барлау қызметі.

АҚШ Украинаға 20 мың қару-жарақ жіберді