Bugin
Ресей экономикасы сәуір айында дефолтқа ұшырауы мүмкін. Ресейдің 2023 бен 2043 жылға арналған сыртқы облигацияларының жеңілдік уақыты (доллармен төлеу мерзімі) 15 сәуір күні тәмам болады. БҰл Ресей экономикасының банкротқа ұшырауына әкеледі.
Осылай дейді Morgan Stanley корпорациясының маманы Саймон Вейвер. Бұл жайлы Bloomberg жазады.
"Біздіңше, Ресейде сәуір айының ортасында дефолт болуы мүмкін. Бұл жай ғана дефолт емес, дәл Венесуэладағыдай банкрот болады", – деп түсіндіреді Morgan Stanley маманы.
Сарапшылардың айтуынша, Ресейдің экономикасы да дәл Венесуэланікіне ұқсас. Мұнаймен және шикізатпен пайда тауып отыр. Венесуэла экономикасы да санкциядан құлдырғаны сынды Ресейдікі де соның тағдырын кешпек.
"Ресейде біршама мұнай активі бар-тұғын. Бірақ санкция салынғаннан кейін бұғатқа кетті. Дефолт болған жағдайда кредиторлар соттың шешімімен бұғатта жатқан активтерге қолы жетуі мүмкін. Оның ішінде Ресейдің бұғатта жатқан валюталық қоры да қолды болуы ғажап емес", - деп түсіндіреді Саймон Вейвер.
Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясы дефолттың кесірінен осыдан 4 жыл бұрын 60 млрд доллар қарызға батқан еді.
Санкцияның кесірінен Ливанның да экономикасында үлкен дефолт болды.
Айта кетейік, РФ президенті В.Путин сыртқы қарызды рубльмен қайтару туралы қаулыға қол қойған еді. Енді мұны АҚШ-тың банктері қабылдай ма жоқ па – белгісіз.
Ал Ресей билігі Батыс елдеріне нарызылық белгісі ретінде қарызды рубльмен беруге жарлық қылды. Рубль қазір әлемдегі ең пайдасы валютаның бірі болып қалды.
Қосымша ақпарат:
Дефолт дегеніміз – негізгі қарыз бен келісілген баға бойынша шығарылған облигациялардың (мемлекеттік құнды қағаздар) ақысын төлей алмау. Құнды қағаздар нарығында банкротқа ұшырау. Мемлекеттің дефолтқа ұшырауы сыртқы берешегінің өскенін білдіреді. Соның кесірінен елге инвестиция келмейді, елдің несиелік рейтингісі бұзылады, дефолтқа ұшыраған компанияның жұмысшылары жалақы ала алмай, қысқартуға ұшырайды. Мемлекеттің экономикалық дамуы тежеледі.
Ресейде мұндай дефолт 1998 жылы болған. Рубль валютасы 6 есе құлдырап, жылдық инфляция 200%-ға дейін жетті.